Футбол
10 шілде 06:12

Автогол шешіп кетті. Испания мен Франция матчінде 16 жастағы ойыншы рекорд орнатты

©Reuters SPORTS

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан бірінші команда болды.  

Турнирдің жартылай финалында Луиса де ла Фуэнте жаттықтыратын команда 2:1 есебімен Францияны ұтты. Матч Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтті. 

Ойында франциялықтар есеп ашты - Каилиан Мабппенің пасын Рандал Коло-Муани испаниялықтар қақпасына дәл соқты. 

21-минутта Испания құрамасы сапынан 16 жастағы Ламин Ямаль гол салып, Еуро тарихында гол салған ең жас ойыншы атанды. 

Төрт минуттан кейін Жюля Кунде автогол соғып қойып, Испания есепте алға шықты және осы гол шешуші болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport