"Автогол арқасында жеңдік". Хорватиялық бапкер Ресейді екінші орында қалдырғаны жайлы

©El Tiempo

ӘЧ-2022 квалификациясының соңғы ойынында Хорватия мен Ресей құрамалары кездесіп Златко Далич шәкірттері жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Мачтан кейін қуанышын жасыра алмаған хорватиялық бапкер аталмыш ойында сәттілік жолдас болғанын жасырмады.

"Іріктеу турниріне қатысқан барлық ойыншыларға, бапкерлік штабқа, Хорватия футбол одағына және жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бүгінгі матчта біз команда ретінде өзімізді көрсете білдік. Ең бастысы қобалжымай, жоспарымыз бойынша ойнадық. Біразға дейін гол соға алмадық. Толассыз жауған нөсер жауын кері әсер етті. Автоголдың арқасында жеңіске жеттік. Бізге сәттілік жолдас болды. Шынымды айтсам қазір де қуанып тұрмын", - дейді Далич.

Еске салайық, Хорватия құрамасы келесі жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. "Шақпақ жейделілер" 2018 жылы Ресейдегі мундиальда күміс жүлдегер атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: