"Аузыңды жап!". ПСЖ ойыншысы Чемпиондар лигасында Гвардиоламен жанжалдасты

Сурет: football24.ua

"Пари Сен-Жермен" командасының жартылай қорғаушысы Марко Верратти Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиоламен сөзге келіп қалды.

Оқиға Верратти қарсыласынан допты алмақ болып, қауіпті әдіс жасаған кезде басталды. Гвардиола төрешіге италиялық футболшыны осы әрекеті үшін жазалауын сұрады. Мұны Верратти естіп қалып, оған испан тілінде: "Не керек саған? Аузыңды жап!", - деген. 

Ойын "Манчестер Сити" пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Чемпиондар лигасы 1/2 финалының қарымта кездесуі 4 мамыр Манчестердегі "Этихад" стадионында өтеді.

Жаңалықтар