"Ауыр өкініш". Финляндияда Қазақстаннан ұтылғанына қатысты не айтылуда?

©ҚФФ

Финляндияның футбол қауымдастығы Еуро-2024 іріктеуіндегі өз алаңында Қазақстанмен өткен мачтке қатысты шолуын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маркку Канерва жаттықтыратын команда 1:2 есебімен ұтылып қалды.

"Ауыр өкініш.

Қазақстаннан 1:2 есебімен ұтылғанда финндердің Еуроға тікелей шығу үмітіне шешуші соққы жасалды. 

Финляндия матчті сенімді бастады, басымдықта ойнады, бірақ гол салатын сәттер болмады. 26-минутта Роберт Тейлор айып алаңынан сәтті соққы жасады - 1:0.

Финляндия есепте алға шыға салысымен Қазақстан ойыны жандана түсті. Олар бірнеше өткір шабуыл жасады, бірақ нәтиже болмады. 

77-минутта қазақстандықтарға пенальти тебу мүмкіндігі берілді. Бахтиер Зайнутдинов дәл соққымен есепті теңестірді. 

Финляндия ойыншыларды алмастыру арқылы ойынға көп күш салғысы келді және маңызды голды салуға ұмтылды. Алайда негізгі уақыттың аяқталуына екі минуттай қалғанда Зайнутдинов бұрыштан тебілген допты қақпағы дәл бағыттай алды - 1.2. 

Осыдан кейін финндер саябырсып қалды және қазақстандықтарға гол салатын мүмкіндіктер де болмады. Жеңіліс Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне төте жолдама алу мүмкіндігін сейілдіріп тастады", - делінген ФФҚ мәтінінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport