"Интер Майами" мексикалық "Леоннан" 2:3 есебімен ұтылып, Лига кубогының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Құтандар" кездесу барысында екі рет алға шыққанымен, мексикалық клуб екі жағдайда да есепті теңестірді. Матчтың шешуші сәті 83-минутта болды. "Леон" жеңіс голын соғып, үш ұпайды еншіледі.
Бұл нәтиже Лионель Месси үшін тарихи көрсеткішке айналды. 39 жастағы аргентиналық футболшы карьерасында алғаш рет турнирдің топтық кезеңінен өте алмады. Бұған дейін шабуылшы өнер көрсеткен барлық командаларымен плей-офф кезеңіне тұрақты түрде жететін.
? ????????: Leo Messi is ELIMINATED from the group stage of an official competition for the FIRS TIME in his career.
— The Touchline | ? (@TouchlineX) August 13, 2026
Inter Miami got knocked out of the Leagues Cup after losing to Club León today. ❌ pic.twitter.com/fMwTZWylTv
Бұл кездесуде Месси алаңға екінші таймда шықты, алайда, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Үш турдан кейін "Интер Майамидің" еншісінде үш ұпай қалды. Ал "Леон" тоғыз ұпай жинап, топта сенімді түрде көш бастап келеді.
Жарнама