Футбол
Бүгін 10:04

Аутсайдер мүлде күтпеген жерден ПСЖ-ны жарыстан шығарып сенсация жасады

©

Парижде 2025/2026 маусымындағы Франция Кубогінің 1/16 финалы аясында өткен астаналық дерби сенсациямен бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дербидің күтпеген нәтижесі

"Парк де Пренс" стадионында "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Парижбен" ойнады, алайда, фаворит болып тұрған алаң иелері күтпеген жерден ұтылып қалды. Қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Қосалқы ойнышы салған гол

Кездесудің шешуші сәті 76-минутта болды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы Нанитамо Иконе өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, ПСЖ қақпасын дәл көздеді де, матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты.

Осылайша, "Париж" Франция Кубогінің 1/8 финалына өтті, ал Луис Энрике жаттықтыратын команда өткен маусымда трофейді жеңіп алған турнирмен мерзімінен бұрын қоштасты. Еске салайық, өткен маусымдағы финалда ПСЖ "Реймсті" 3:0 есебімен ұтқан болатын.

Тарихи жеңіліс

Бұл матч париждік дербидің тарихына енді. Transfermarkt порталының дерегінше, "Пари Сен-Жермен" ресми кездесулерде "Парижге" алғаш рет ұтылды. Бұған дейін командалар үш рет кездескен: осы маусымдағы Лига 1 матчында ПСЖ 2:1 есебімен жеңіске жетсе, ал 1978/1979 маусымындағы Франция чемпионатындағы екі кездесу 1:1 және 2:2 нәтижелерімен тең аяқталған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport