Аустрия мен Италия 1/8 финалда кездеседі

сурет: getty images

Еуро-2020 турнирінде Аустрия Украина құрамасын ұтты. Бухаресттің "Национал" стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 21 минутта Кристоф Баумгартнер соқты. Осылайша, Франко Фоданың командасы 6 ұпаймен жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр.

С тобында Нидерланды, Украина  және Солтүстік Македония құрамаларымен өзара мықтыны анықтаған аустриялықтар жарыстың 1/8 финалында А тобында 9 ұпай еншілеген Италиямен ойнайды.

Метки: