Аустрия құрамасы Еуро-2024 турнирніде сенсация жасады

©x.com/EURO2024

Аустрия құрамасы тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.

D тобында аустриялықтар соңғы турда Нидерланды құрамасын ұтып (3:2), алты ұпай жинады. 

Берлинде өткен матчте голландиялықтар сапынан Дониэлл Мален автогол салып қойды. 47-минутта Коди Гакпо есепті теңестірді. 

59-минутта аустриялық Романо Шмид командасын есепте алға шығарды. 75-минутта Мемфис Депай есепті қайтадан теңестірді. 

Ақыры 80-минутта Марсель Забитцер жеңіс голын салды, осыдан кейін есеп өзгерген жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport