Аустрия 1960 жылдан бері Италияны алғаш ұтып отыр

©twitter.com/oefb1904

Аустрия мен Италия құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Венада өткен матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аустрия құрамасына Ксавер Шлагер мен Давид Алабаның дәл соққылары жеңіс сыйлады.

Sport24 мәліметінше, бұл Аустрияның 1960 жылдың 10 желтоқсанынан бергі Италияны алғаш ұтуы. Осыдан кейінгі 14 матчте аустриялықтар Италияны ұта алмаған екен.

Еске салайық, екі құрама да 2022 жылғы ӘЧ-ге жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар