Аустралия құрамасы ӘЧ-2022 жолдама алды

©russian.rt

Футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатының жолдамасы берілетін құрлық аралық іріктеу ойыны өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Азия аймағынан Аустралия мен Оңтүстік Америкадан келген Перу құрамалары өзара мықтыны анықтады. Негізгі уақыт пен экстра-таймда гол соғылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде жасыл құрлықтың өкілдері пенальти сериясында топ жарды. Осылайша, Аустралия ойыншылары әлем чемпионатына өз тарихында алтыншы рет шығып отыр.

Құрлық аралық плей-офф. 

"Ахмад Бин Әли" стадионы (Әл-Райян, Катар). 

Аустралия - Перу - 0:0 Пен. 5:4

Аустралия: Райан (Редмэйн, 120), Аткинсон (Карачич, 90), Райт, Роулз, Бехич (Гудвин, 120+1), Муй, Ирвайн, Хрустич, Бойл, Дьюк (Мабил, 69), Лекки (Макларен, 87).

Перу: Гальесе, Адвинкула, Самбрано, Кальенс, Трауко, Каррильо (Флорес, 65), Куэва (Валера, 116), Гонсалес, Тапия, Пенья (Акино, 80), Лападула.

Ескертулер: Аткинсон, 12. Флорес, 102.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport