Аустралия Қатардағы ӘЧ-да алғашқы жеңісіне жетті

©twitter.com/FIFAWorldCup

Аустралия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Топтық кезеңнің екінші турында жасыл құрлықтың өкілдері Тунис командасын ұтты. Матчтағы жалғыз голдың авторы Митчелл Дюк атанды. Ол 23-минутта Крэйг Гудвиннің пасын голға айналдырды.

Осыдан кейін D тобында Грэм Арнольд шәкірттері 3 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал Тунис болса жалғыз ұпаймен соңғы орынға жайғасып отыр.

Еске салайық, турнирдің бірінші турында Тунис пен Дания тең (0:0) түссе, Франция құрамасы Аустралия ойыншыларын 4:1 есебімен ұтқан еді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар