Ауруханада да есін жимады. Қақпашымен соқтығысқан футболшы есінен танып қалды

©Видеодан алынған кадр

Молдовалық "Зимбру" клубының голландиялық қорғаушысы Донни ван Иперен қақпашымен соқтығысып, ауруханаға түсті. Оқиға "Динамо-Авто" клубымен Суперлига мачтінде (0:0) болды, деп хабарлайды Sport24.

Голкипермен соқтығысқаннан кейін Иперен құлап түсіп, есін жоғалтып алған екен. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін Тираспольдегі ауруханаға алып кеткен. Одан соң ел астанасындағы медициналық оратлықтардың біріне жеткізілген. 

Ауруханада Донни ван Иперен жасанды тыныс алу құрылғысымен жатыр екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport