Мадридтік "Реалдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Гути 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне қатысты дауыс берудің әділдігіне күмән келтірді. Биылғы марапат "Бавария" мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейнге бұйырған еді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтік клуб аңызы беделді марапатты табыстау рәсімінің Лондонға көшіріліп, жеңімпаз атанған футболшының ағылшын болғанына назар аударды.
"Алтын допты" табыстау рәсімін Лондонға көшірді... Ал жеңімпаз лондондық болды. Қандай сәйкестік, солай емес пе? Керемет сәйкестік! Бәрі әуел бастан шешіліп қойған.
Кейннің есімі жарияланған кездегі жүзін көрдіңіздер ме? Ол өмірінде жеңіске жетемін деп ойламаған! Меніңше, оның өзі де Мбаппе мен Ямаль одан жоғары орын алады деп ойлаған", - деп келтіреді Гутидің сөзін Footmercato.
Еске салайық, дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынды "Реал" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе иеленді. Ал"Барселона" мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль үшінші орынға жайғасты.
Жарнама