"Ау, қақпашы! Қазақтар алаң ортасынан салды". Шетелде "Қайрат" ойыншысының Ұлттар лигасындағы голына тамсанды

Сурет: ҚФФ

Ua-football.com порталы "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасы бесінші турындағы голына тамсанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ау, қақпашы! Албаниямен матчте қазақтар алаңның өз бөлігінен гол салды.

Ұлттар лигасы 5-ші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Албаниядан ұтылды  (1:3), бірақ, әлемдегі футбол сайттары Орта Азия командасы туралы жазады. Бәрі "Қайрат" хавбегі Айбол Әбікеннің ғаламат голының арқасы. 

24-ші минутта ол алаңның өз бөлігінен дәлдік жағынан ғажайып гол салды да, балқандықтардың қақпашысы Этрит Беришті абдыратты.

24 жастағы Әбікен үшін бұл құрама сапындағы алғашқы ойыны. Қазақстан финалдық тур алдында өз тобында соңғы. D дивизионына түсіп қалмас үшін командаға сәрсенбі, 18 қарашада өз алаңында Литваны ұту қажет", - делінген мәтінде. 

Жаңалықтар