"Атыраудың" қорғаушысы өзбекстандық командаға ауысты

©"Атырау" ФК

"Атырау" командасының сербиялық қорғаушысы Даниэль Стойкович өзбекстандық "Нефтчи" командасына ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

31 жастағы сербиялық легионер жаңа клубына еркін агент ретінде ауысты. 

Айта кетейік, Стойкович "Атырау" сапына 2021 жылдың наурыз айында қосылды. Жалпы ол "мұнайшылардың" сапында 28 кездесуге қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

Өткен маусымда "Нефтчи" Өзбекстанның Бірінші лигасында жеңіске жетіп, биыл Премьер-лигаға жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: