"Атыраудың" бұрынғы бапкері Черногория құрамасын жаттықтыратын болды

29 желтоқсан 2020 12:27
Сурет: Vijesti

"Атырау" футбол клубының бұрынғы бапкері Миодраг Радулович Черногория құрамасының бас бапкері болды,- деп хабарлайды елдің Футбол одағының сайты.

53 жастағы маманмен келісімшарт жаңа жылдық мерекелерден кейін жасалады да,  2021 жылдың соңына дейін есептеледі.

2013 "Атырау" командасы Радулович жетекшілігімен Қазақстан премьер-лигасында сегізінші болған еді. 

Қазақстандық клубтан кеткеннен кейін ол кувейттік "Аль-Джахрада" жұмыс істеді. Кейін Ливан, Мьянма құрамалары мен Иранның "Зоб Ахан" командасын жаттықтырды.