"Атырау" футбол клубының бұрынғы бапкері Миодраг Радулович Черногория құрамасының бас бапкері болды,- деп хабарлайды елдің Футбол одағының сайты.
53 жастағы маманмен келісімшарт жаңа жылдық мерекелерден кейін жасалады да, 2021 жылдың соңына дейін есептеледі.
2013 "Атырау" командасы Радулович жетекшілігімен Қазақстан премьер-лигасында сегізінші болған еді.
Қазақстандық клубтан кеткеннен кейін ол кувейттік "Аль-Джахрада" жұмыс істеді. Кейін Ливан, Мьянма құрамалары мен Иранның "Зоб Ахан" командасын жаттықтырды.