"Атыраудың" бразилиялық ойыншысы "Ақтөбемен" матчтегі төрешіні сайқымазақ деді

Сурет: "Атырау" ФК

"Атырау" командасының бразилиялық қорғаушысы Брайан Силва Гарсия футболдан Қазақстан чемпионатының "Ақтөбеге" қарсы өткен үшінші тур матчіне наразы болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Атырауда өткен кездесу алаң қонақтарының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. "Ақтөбе" екі голды пенальтиден салды. Екеуін де көкшетаулық төреші Антон Кучма белгіледі.

Ойыннан кейін Гарсия Instagram желісінде суретпен бірге сториз жариялапты, онда төрешінің бетін сайқымазақтың эмодзиімен жапқан екен.