"Атырау" командасының бразилиялық қорғаушысы Брайан Силва Гарсия футболдан Қазақстан чемпионатының "Ақтөбеге" қарсы өткен үшінші тур матчіне наразы болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Атырауда өткен кездесу алаң қонақтарының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. "Ақтөбе" екі голды пенальтиден салды. Екеуін де көкшетаулық төреші Антон Кучма белгіледі.
Ойыннан кейін Гарсия Instagram желісінде суретпен бірге сториз жариялапты, онда төрешінің бетін сайқымазақтың эмодзиімен жапқан екен.