"Атыраудың" белді ойыншысы Вьетнам чемпионатына ауысты

©"Атырау" ФК

"Атырау" футбол клубының былтырғы маусымдағы белді ойыншыларының бірі Тодор Петрович Вьетнам чемпионатына ауысып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Петрович барған ханойлық "Конг Ан" командасы елдің екінші лигасында жеңіп шығып, жоғары дивизионға өткен. 

Сербиялық ойыншы "Атырау" үшін чемпионатта 19 матч және ел Кубогінде алты ойын өткізіп, екі гол салған. 

Карьерасында ол сербиялық "Раднички" (Ниш), "Вождовац", "Сопот", "Земун", хорватиялық "Интер" (Запрешич) және украиналық "Ворсклада" өнер көрсеткен.

Transfermarkt футболшыны 225 мың еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport