Футбол
3 қаңтар 2022 15:55
 

"Атыраудан" тағы бір легионер кетті

  Пікірлер

blog.share

"Атыраудан" тағы бір легионер кетті ©"Атырау" ФК

32 жастағы армениялық жартылай қорғаушы Артак Дашян "Атыраудан" кетіп, "Пюник" сапына қосылды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

blog.share

32 жастағы армениялық жартылай қорғаушы Артак Дашян "Атыраудан" кетіп, "Пюник" сапына қосылды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Жартылай қорғаушы "Атырау" сапында 2020 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетті. Ол осы уақытқа дейін 39 ойынға қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Дашян еревандық "Пюник" сапына еркін агент ретінде ауысты. Биылғы маусымда аталған команда Армения премьер-лигасында екінші орында келеді. 

Еске салайық, бұған дейін "Атырау" командасынан сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович кеткен еді. Ол карьерасын өзбекстандық "Нефтчи" командасында жалғастырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!