"Атырау" тәжірибелі қақпашының командадан кеткенін хабарлады

11 желтоқсан 2021 16:02
©"Атырау" ФК

"Атырау" футбол клубы мен Владимир Логиновский өзара мәміле бойынша мерзімінен бұрын келісім-шарттың күшін жойды. Бұл туралы "мұнайшылардың" баспасөз қызметі хабарлады.

Логиновский "Атырау" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, осы уақыт аралығында ол 55 матчқа қатысқан. 

Өткен маусымда команданың негізгі қақпашысы Арам Айрапетян болғандықтан, Владимир "Атырау" жейдесінде небәрі алты матч өткізді.

36 жастағы қақпашы мансабын "Есіл-Богатырь" клубында бастаған. Одан кейін "Жетісу", "Астана", "Тобыл", "Тараз" секілді командалардың намысын қорғады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: