Футбол
3 сәуір 2022 20:30

"Атырау" пенальтиден салған гол арқасында "Қайрат", "Шахтер" мен "Тобылды" қуып жетті

©"Атырау" ФК

"Атырау" футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында "Таразды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Таразда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта пенальтиден атыраулықтардың жартылай қорғаушысы Андрия Филипович салды. 

"Атырау" жеті ұпай жинап, "Шахтер", "Қайрат" пен "Тобылды" қуып жетті, алайда, "мұнайшылар" бір ойын артық өткізген. "Тараз" чемпионатта бірінші рет ұтылып отыр және бес баллмен алтыншы келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport