"Атырау" - "Ордабасы", "Тараз" - "Ақтөбе" ойындарына тікелей трансляция

©instagram.com/fctaraz.official/

Бүгін, 22 шілде күні футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңі аясында екі ойын өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Атырау" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдайды. А тобының кездесуі елорда уақытымен 19:00-де басталады. С тобында "Ақтөбе" командасы "Таразға" қонаққа барады. Бұл матч кешкі сағат 21:00-де жоспарланған.

Қос матчы Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, бұл ойындарды спорттық арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Қазақстан кубогінің қалған кездесулері шілде айының 23 мен 24 күндері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport