"Атырау" МФК Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Фото: instagram.com/mfcatyrau_official

"Атырау" командасы футзалдан Қазақстан чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Атыраулықтар "Ақтөбе" командасынан жартылай финалда басым түсті. Командалар арасындағы бесінші ойын 8:3 есебімен "мұнайшылар" пайдасына шешілді. 

Финалда "Атырау" алматылық "Қайратқа" қарсы шығады. Соңғы ойын нәтижесіне қарамастан 2020 жылы ғана құрылған команда 2021/22 жылғы Чемпиондар Лигасына жолдама иегері атанды.

Метки: