"Атырау" командасы "Қайрат" ойыншысымен толықты

© "Қайрат" ФК

"Атырау" футбол клубы семейлік футбол мектебінің түлегі Денис Митрофановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

20 жастағы шабуылшы бұған дейін "Спартак" (Семей), "Алтай" намысын қорғап, 2021 жылы "Қайрат" сапына ауысып, алматылықтардың мәскеулік филиалында доп тепті. 

"Қайрат-Мәскеу" сапында Митрофанов 11 ойын өткізіп, екі нәтижелі пас беріп, екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ, ол Қазақстан жастар құрамасында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар