"Атырау" Көкшетаудағы "Таразбен" ойында жеңілістен аман қалды

"Тараз" ФК
"Атырау" футболшылары Қазақстан премьер-лигасының 13-ші турында "Таразбен" тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын бүгін, 21 мамыр Көкшетаудағы "Оқжетпес" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

66-шы минутта Грузия құрамасының форварды Элгуджа Лобжанидзе хавбек Эдуард Сергиенконың қолмен ойнағаны үшін берілген пенальтиден гол салып, "Таразды" алға шығарды, бірақ, сербиялық шабуылшы Дарко Бьедов "Атырауды" жеңілістен құтқарып қалды.





"Тараз" үшін бұл тең ойын биылғы КПЛ-де бірінші, ал "Атырау" үшін - төртінші. Екі командада 10 ұпайдан, алайда, тараздықтар тоғызыншы, ал "мұнайшылар" - оныншы келеді.