"Атырау" клубы "Зенит" ойыншысын қатарға қосты

©fc-zenit.ru

"Атырау" клубы "Зенит" академиясынан шыққан Дмитрий Плетневті қатарына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

24 жастағы ресейлік футболшы көбіне "Зениттің" екінші командасында ойнаған. Сонымен қатар, "Томь", "Балтика" және "Динамо" (Санкт-Петербург) командаларының намысын қорғаған.

Плетнев "Зениттің" негізгі командасында тек бір рет алаңға шықты. 2017/18 жылғы маусымда Ресей чемпионатының аясында "Локомотивке" қарсы кездесуде өнер көрсетті.

Өткен жылы ойыншы "Динамо" сапында 15 матчта 2 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport