"Атырау" қазақстан футбол мектебінің түлегімен келісімшарт ұзартты

Сурет "Атырау" ФК арнайы видеосынан алынды ©

"Атырау" футбол клубы қазақстандық Мұқағали Пангереймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

17 жастағы футболшы "Атырау-Ж" сапында 16 матч өткізіп, сегіз гол соқты, сонымен қатар, өткен жылы негізгі команда сапында дебют жасап, Қазақстан Премьер-лигасында төрт матчта жасыл алаңға шықты. 

2021 жылы "Атырау" футбол мектебінің түлегі 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып, үш ойынға қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар