"Атырау" командасы Қазақстан чемпионатының үшінші турында "Мақтаарал" командасын жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Атырау қаласында өткен ойын 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. "Атырау" сапында Матеус Бисси (28-минут) және Тодор Петрович (45-минут) көзге түссе, қонақтардың сапында Алекс Бруно (52-минут) бір гол соқты.
Кездесудің 52-минутында Алекс Бруно, ал 87-минутта Артур Запандя алаңнан қуылды.
Осылайша, "мұнайшылар" Қазақстан чемпионатындағы бірінші жеңісіне қол жеткізсе, "Мақтаарал" командасы екінші мәрте жеңілді.
Айта кетейік, "Атырау" 3 сәуірдегі үшінші турда сырт алаңда "Таразға" қарсы ойын өткізсе, сол күні "Мақтаарал" командасы өз алаңында "Астананы" қабылдайды.