Футбол
17 қаңтар 2022 09:55

"Атырау" қақпашыға қатысты бір шешімге келді

©"Атырау" ФК

Армениялық голкипер Арам Айрапетян еңбекақысын төмендетуге келісіп, "Атыраумен" келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

35 жастағы қақпашы өткен маусымда "мұнайшылардың" негізгі бағана күзетушісі болды, 22 матчта ол 29 доп өткізді. Клубтың жаңа басшылығы оның айлығын 40 пайызға қысқартуды ұсынды, футболшы бұған келіскен екен.

Сонымен қоса, "Атырау" ресейлік қорғаушы Сослан Такуловпен келісімшарт жасады, ол өткен маусымда "Ақжайықта" ойнаған. Атыраулықтардың бапкері Константин Горовенко 2020 жылы "Шахтерді" жаттықтырған уақыттан Такуловтың мүмкіндіктерін жақсы біледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport