"Атырау" жаңа бапкерін таныстырды

©"Атырау" ФК

Виталий Жуковский ресми түрде "Атырау" командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мұның алдында клубтан қазақстандық маман Константин Горовенко кеткен болатын. Ол былтыр желтоқсаннан бері атыраулықтарды жаттықтырған еді. 

"Белоруссиялық маман бапкерлік карьерасын 2010 жылы "Ислочь" командасында бастаған. Бес жылда осы команданы әуесқйодан Беларусьтің жоғары лигасына дейін көтерді. 

31 жасында Беларуссияның жоғары лигасындағы ең жас маман болды. 2021 жылы БАТЭ командасын жаттықтырып, Беларусь кубогін жеңіп алды және елдің вице-чемпионы атанды", - делінген хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport