Футбол
19 ақпан 2022 16:21

"Атырау" екі футболшымен келісімшарт жасады

©"Атырау" ФК

"Атырау" 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Диас Қалыбаевпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Алматы футболының түлегі Диас Қалыбаев 2013 жылы Испанияға аттанды. Содан кейін біраз уақыт бойы "Баварияның" академиясында жаттықты. 2015-2017 жылдар аралығында Барселонадағы "Юпитер" командасында өнер көрсетті. Одан кейін испаниялық "Ябац" пен германиялық "Пеш" командаларының намысын қорғады.

2020 жылы ол Қазақстанға оралып, "Жетісумен" келісімшарт жасасты. Ол талдықорғандық клуб жейдесінде 21 кездесу өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

"Атырау" 25 жастағы қазақстандық қорғаушы Александр Соколенкомен де мәміле жасасты.

Соколенконың соңғы клубы "Қызыл-Жар" болды. Қазақстандық қорғаушы петропавлдық клуб сапында небәрі 9 кездесу өткізді. Бұған дейін алматылық "Қайрат" (25 матч) пен павлодарлық "Ертіс" (6 матч) сапында да өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport