"Атырау" бразилиялық қорғаушымен толықты

©"Атырау" ФК

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Атырау" бразилиялық орталық қорғаушы Матеус Биссимен келісімшартқа отырды.

30 жастағы қорғаушы "Атырауға" литвалық "Паневежис" клубынан ауысты. Ол бұған дейін мальталық "Биркиркара", польшалық "Ракув", португалиялық "Туризенсе", болгариялық "Славия", бахрейндік "Аль-Мухаррак" және Литваның "Стумбрас", "Паневежис" және "Бангу" командаларында өнер көрсетті.

Қорғаушы бүгін "мұнайшылардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылмақ. "Атыраудағы" бразилиялық қорғаушы Алекс Бруно да бұған дейін клубпен келісімшартын ұзартқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: