30 жастағы бразилиялық қорғаушы Матеус Бисси "Атырауға" ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz. Келісімшарт мерзімі маусымның соңына дейін есептелген.
Бисси орталық қорғаушы позициясында ойнайды және артқы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады.
Қазақстандық клуб босниялық футболшымен толығуы ықтимал
Матеус мансабын "Фламенгоның" екінші командасында бастады. Одан кейін бразилиялық "Марсилио Диас", литвалық "Бангу" және "Стумбрас", мальталық "Биркиркара", польшалық "Ракув", португалиялық "Туризенсе", болгариялық "Славия", бахрейндік "Аль-Мухаррак" командаларында өнер көрсетті.
Соңғы екі маусым бойы литвалық "Паневижисте" 51 матч өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.