"Атырау" бас бапкеріне қатысты нақты шешім шығарды

2 желтоқсан 2022 17:02
©"Атырау" ФК

"Атырау" командасы бас бапкеріне қатысты нақты шешім шығарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, беларусь маманы Виталий Жуковский 2023 жылғы маусымда да "Атыраудың" бас бапкері болады. 

Команда басшылары мен бапкер келісімшартты ұзарту туралы келісімге келген. 

Еске салайық, Жуковский "Атырау" командасының бас бапкері қызметіне өткен маусымның ортасында тағайындалды. "Мұнайшылар" оның бастамасымен маусымды 11-орында аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар