Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) биылғы маусымының 8-турында "Атырау" өз алаңында Өскеменнің "Алтай" клубымен ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Атырау қаласында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойынның 31-минутында "Атырау" шабуылшысы Энрике матчтегі жалғыз голды соқты.
Айта кетейік, "мұнайшылар" матчтың 85-минутында Марио Рабиу алаңнан қуылғаннан кейін кездесуді бір ойыншыға кем құрамда аяқтады.
Бұл жеңіс "Атырау" үшін КПЛ-2026 маусымындағы екінші жеңіс болды. Команда 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал "Алтай" (4 ұпай) 15-орында, яғни соңғыдан бір саты жоғары тұр.