Футбол
Бүгін 18:34

Аты аңызға айналған ойнышы "Интер Майамиден" кейін "Барселонаға" оралды

©Depositphotos/mrogowski_photography

Испанияның аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс "Барселонаға" оралды. Каталондық клубтың бұрынғы капитаны екінші команданың жаттықтырушылар штабына қосылып, бас бапкер Джулиано Беллеттидің көмекшісі қызметін атқарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бускетс бапкерлік мансабын бастайды

"Барселонаның" баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа қызметінде 37 жастағы Бускетс өзінің мол тәжірибесін клубтың жас футболшыларына бермек. Сонымен қатар бұрынғы жартылай қорғаушы қажетті бапкерлік курстардан өтуді жоспарлап отыр.

Осылайша, испаниялық футболшы өзінің ойыншылық мансабындағы ең үлкен жетістіктері байланысты болған клубта бапкерлік жолын бастайды.

15 маусым және 30-дан астам жүлде

Бускетс "Барселонаның" негізгі командасынан үш жыл бұрын кеткен. Каталониялық клуб сапында 15 маусым өткізген футболшы 722 матчқа қатысып, 30-дан астам жүлде жеңіп алды.

Олардың қатарында Испания чемпионатындағы тоғыз чемпиондық және Чемпиондар лигасындағы үш жеңіс бар. "Барселонадағы" карьерасының соңғы жылдарында Бускетс команда капитаны болды.

Испания құрамасы сапында жартылай қорғаушы 143 матч өткізді. Ұлттық командамен бірге ол 2010 жылғы әлем чемпионы және Еуро-2012 жеңімпазы атанды.

"Барселонадан" кейін - "Интер Майами"

Каталондық клубтан кеткеннен кейін Бускетс мансабын америкалық "Интер Майами" командасында жалғастырды. Испаниялық футболшы АҚШ клубында екі жарым маусым ойнағаннан кейін кәсіпқой карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Енді Бускетс "Барселонаға" оралып, алайда, бұл жолы ол алаңға футболшы ретінде емес, клубтың жас буынына тәжірибесін үйрететін бапкер ретінде шықпақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport