Аты аңызға айналған "Император" "Галатасарайдан" кетті

©Галатасарай ФК

Түркияның ең танымал футбол клубы "Галатасарай" бас бапкер Фатих Терімнің командадан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Түрік футболына еңбегі сіңген жаттықтырушы бас бапкер міндетін 2017 жылдан бері атқарып келген. Ол осыған дейін "Галатасарай" тізгінін 1996-200, 2002-2004 және 2011-2013 жылдары ұстаған.

Қазіргі таңда оның командасы ішкі чемпионатта 20 турдың нәтижесі бойынша 27 ұпаймен 12 орынға жайғасқан.

Биылғы маусымда Еуропа Лигасының топтық кезеңінде "Лацио", "Марсель" және "Локомотив" командаларымен кездесіп, плей-офф раундына бірінші орынмен шықты.

Түрік жанкүйерлерінің арасында "Император" атымен танымал бапкер "Галатасараймен" әр жылдары Түркия Суперлигасын 8 рет жеңген. Түркия Кубогін 3 рет және Суперкубокті 5 мәрте ұтқан. Сонымен қатар, 1999-2000 жылы УЕФА Суперкубогін иеленді. Түркия құрамасымен бірге 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: