Футбол
Бүгін 09:51

"Атлетиконың" өз алаңында "Баварияға" шамасы келмеді

©Depositphotos/mrogowski_photography

Мадридтік "Атлетико" Чемпиондар лигасының төртінші турында өз алаңында мюнхендік "Бавариядан" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридте өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері екінші таймда екі гол жіберіп алды. 54-минутта Леннарт Карл есеп ашса, 74-минутта Конрад Лаймер "Баварияның" басымдығын еселей түсті.

Жалпы, матч нәтижесін заңды деуге болады. Диего Симеоне шәкірттері сенімді ойын көрсете алмады, ал "Бавария" кездесудің барысын толық бақылап, лайықты жеңіске жетті.

Мюнхендік клуб сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде уақытша сегізінші орынға көтерілді. Ал "Атлетико" төрт ұпаймен 22-сатыға жайғасты.

Келесі турда "Бавария" сырт алаңда франциялық "Лилльмен" кездеседі. Ал "Атлетико" өз алаңында норвегиялық "Викингпен" ойнайды. Екі матч та 25 қарашада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport