Футбол
Бүгін 10:25

"Атлетиконың" Ла Лигадағы матчі тікелей қызыл қағаз және үш голмен бітті

©x.com/Atleti

"Осасуна" Испания Ла Лигасының 36-туры аясында мадридтік "Атлетикодан" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Памплонада өткен кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. "Атлетико" сапында Адемола Лукман 15-минутта пенальтиден есеп ашса, Александер Серлот 71-минутта екінші голды соқты. Алаң иелері қатарынан Кике Барха 90+1-минутта бір доп айырмасын қысқартты.

Айта кетейік, мадридтік клуб матчтың соңғы бөлігін он ойыншымен өткізді. 79-минутта Маркос Льоренте қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осы жеңістен кейін "Атлетико" 66 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал "Осасуна" 42 ұпаймен 11-сатыда қалып отыр.

Келесі турда, 17 мамыр күні, "Атлетико" өз алаңында "Жиронаны" қабылдайды, ал "Осасуна" "Эспаньолмен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport