Футбол
Бүгін 16:35
 

"Атлетикодан" ұтылған соң "Реал" басшылығы Моуриньюға қатысты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

"Атлетикодан" ұтылған соң "Реал" басшылығы Моуриньюға қатысты шешім қабылдады ©Depositphotos/livephotosport

Президент Флорентино Перес бастаған мадридтік "Реалдың" басшылығы Испания астанасының дербиінде "Атлетикодан" ұтылғаннан кейін команданың бас бапкері Жозе Моуриньюге қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Президент Флорентино Перес бастаған мадридтік "Реалдың" басшылығы Испания астанасының дербиінде "Атлетикодан" ұтылғаннан кейін команданың бас бапкері Жозе Моуриньюге қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзірге дабыл қағып жатқан жоқ

The Touchline басылымының хабарлауынша, клуб басшылығы португалиялық маманды қазіргі командаға лайықты бапкер деп санайды.

"Реал" басшылығы Моуриньюмен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Клубта команда құрамында көшбасшылық қасиеті жоғары әрі өзіне деген сенімі зор футболшылардың көп екені ескеріліп, мұндай ұжыммен жұмыс істеуге Моуринью деңгейіндегі маман қажет деп есептейді.

"Реал" маусым басында қиын жағдайға тап болды

Испания чемпионатының соңғы турында "корольдік клуб" "Атлетикодан" 1:2 есебімен ұтылды. Моуринью шәкірттері жеті турдан кейін Ла Лига турнир кестесінде 15 ұпаймен төртінші орында тұр.

Мадридтік клубтың көш бастап тұрған "Барселонадан" алты ұпай артта. Сонымен қатар "Атлетикодан" ұтылу команда үшін маусым басындағы алғашқы ірі сәтсіздіктердің бірі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!