"Атлетико" Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридте өткен қарымта матчта "Барселона" 2:1 есебімен жеңіске жеткенімен, екі ойынның қорытындысы бойынша испаниялық дербиде "Атлетико" 3:2 есебімен алға шығып, келесі кезеңге өтті.
"Барселона" камбэкке жақын болды
Ширек финалдың қарымта ойыны Мадридте өтті. Алғашқы кездесуде "Атлетико" сырт алаңда екі жауапсыз гол соғып жеңіске жеткен еді. Сондықтан қарымта матчта оларды 0:0 есебімен тең ойын немесе 0:1 есебімен жеңіліс те қанағаттандыратын.
Дегенмен "Барселона" берілуге ниетті болмады. Ойынның 4-минутында Ламин Ямаль қақпашымен бетпе-бет келіп, есеп ашты.
24-минутта каталониялық клуб тағы бір гол соғып, жалпы есепті теңестірді. Айып алаңында Дани Ольмодан пас алған Ферран Торрес есепті 2:0-ге жеткізді.
Осыдан кейін жартылай финалға шығу үшін кез келген командаға тағы бір гол соғып, есепті ұстап тұру жеткілікті болды. Бұл міндетті "Атлетико" орындады.
31-минутта Адемола Лукман айып алаңындағы пасты сәтті пайдаланып, есепті 1:2-ге жеткізді.
Осылайша, "Атлетико" өз алаңында ұтылғанымен, екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, 72-минуттан бастап "Барселона" Эрик Гарсияның алаңнан қуылуына байланысты аз құрамда ойнады. Сонымен қатар, 55-минутта Торрестің голы офсайдқа байланысты есепке алынбады.
"Атлетиконың" жартылай финалдағы қарсыласы "Спортинг" пен "Арсенал" жұбының жеңімпазы болады. Бұл текетірестің алғашқы матчында лондондық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Бұған дейін Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалисі атанған ПСЖ "Ливерпульді" жарыстан шығарды. Енді франциялық клбтың қарсыласы "Реал" мен "Бавария" жұбының жеңімпазы болмақ.
Жарнама