"Атлетико" мен "Порту" қосымша минутта 3 гол соқты

©Атлетико ФК

Чемпиондар лигасының бірінші турында "Атлетико" мен "Порту" матчында 3 гол төрешінің қосқан қосымша минутында салынды.

Пиренейлік дербидің 90 минутында есеп ашылмады. Тек қосымша уақытта Андер Каррераның пасын дәл алған Марио Эрмосо есеп ашса, қонақтар да қарап қалмай есепті теңестірді. Гол авторы Матеус Урибе.

Соңғы секундтарда Антуан Гризман жартылай қорғаушы Аксель Витсельдің пасын нәтижелі аяқтады. Қорытындысы есеп 2:1. Осылайша, Диего Симеоне шәкірттері В тобының көшін бастады. Бұл топта Бельгияның "Брюггесі" мен неміс мәшинесі "Байер" бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport