"Атлетико" - "Манчестер Сити" және "Ливерпуль" - "Бенфика". ЧЛ матчтеріне тікелей көрсетілім

©УЕФА

Бүгін 13 сәуірден 14-не қараған түні Чемпиондар лигасы 1/4 финалының тағы екі матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Атлетико" өз алаңында "Манчестер Ситимен" ойнайды. Бірінші ойында ағылшындар ұтқан еді  (1:0). Бұл матчті Qazsport арнасынан тамашалай аласыз. Басталуы 01:00. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Өзге кездесуде "Ливерпуль" өз алаңында "Бенфиканы" қабылдайды (01:00). Бірінші ойында АПЛ командасы ұтқан - 3:1. Бұл матчті Qazaqstan арнасынан көре аласыз.

Еске салайық, мұның алдында ЧЛ жартылай финалына "Реал" мен "Вильярреал" өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар