"Атлетико" капитаны мадридтік дерби алдында "Реал" жұлдызына қоқан-лоқы көрсетті

16 қыркүйек 2022 18:24
© "Атлетико" ФК

"Атлетико" командасының капитаны Коке мадридтік дерби алдында "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниордың голды тойлауына байланысты пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Капитанның айтуынша, "Реал" шабуылшысы "Атлетикоға" қарсы кездесуде гол соғып, билейтін болса, қиындыққа тап болуы мүмкін. 

"Оның тойлауын түсінемін бе? Әр футболшы әртүрлі тойлайды. Көңілі қалағанынша. Бірақ ол бізге қарсы билеп тойласа, қиындыққа тап болады деп ойлаймын. Біздің жанкүйерлер оны көтере алмайды. Бұл шындық", - деді Коке. 

Айта кетейік, "Атлетико" мен "Реал" арасындағы кездесу Испания біріншілігінің алтыншы туры аясында 18 қыркүйек күні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: