Футбол
25 маусым 12:47

"Атлетико" "Бетис" командасының жартылай қорғаушысын сатып алатын болды

©"Бетис" ФК

Жартылай қорғаушы Джонни Кардосо жуық арада "Атлетико Мадрид" ойыншысы атанады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо жазғандай, трансфер құны 30 млн еуроны құрайды. Мадридтік ұжым жартылай қорғаушымен 5 жылға жарамды келісімге қол қояды.

Бүгін “Бетиспен” трансфердің соңғы түйткілдері талқыланады. 

Джонни Кардосо – АҚШ құрамасының орталық жартылай қорғаушысы. "Бетиске" өткен жылы "Интернасьонал" клубынан ауысып келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport