"Атлетико" басшысы Гризманның қай клубқа кететінін айтты

© Football.ua
Мадридтік "Атлетиконың" бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин команда шабуылшысы Антуан Гризманн карьерасын каталондық "Барселонада" жалғастыратынын растады.

"Гризманн карьерасын қайда жалғастыратыны анық. Бұл наурыздан белгілі: "Барселонада", - деп келітереді Sport.es Хиль Мариннің сөзін.

Мамырда Гризманн "Атлетикодан" маусым аяқталысымен кететінін мәлімдеген. Бұл маусымда форвард клубтық деңгейде 48 матчте ойнады. Футболшының есебінде 21 гол және 10 ассист.

Сонымен қатар, БАҚ форвардқа франциялық "Пари Сен-Жермен" де қызығып отырғанын хабарлаған.

Гризманның мадридтік клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. 1 шілдеден 28 жастағы шабуылшының құны 200-ден 120 миллион еуроға дейін түседі.

Гризманн "Атлетикоға" испаниялық "Реал Сосьедад" сапынан 2014 жылы ауысқан. Бес жылда ол 257 матч өткізіп, 133 гол соққан. Осы аралықта Гризманн Испания Суперкубогын (2014), Еуропа лигасын (2017/18) және УЕФА Суперкубогын (2018) ұтқан.
Жаңалықтар