"Атлетик" Испания суперкубогынан "Реалды" шығарып тастап сенсация жасады

Сурет: "Атлетик" ФК

Бильбаолық "Атлетикодан" ұтылған "Реал" футболдан Испания суперкубогының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Малагадағы "Ла Росаледа" стадионында өткен ойын Марселино Гарсия жаттықтыратын команданың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Рауль Гарсия 18 және 38-ші минутта дубль жасады, екіншісі пенальти. Мадридтіктерден 73-ші минутта Карим Бензема бір гол соқты.

Осылайша, "Атлетик" финалда "Барселонамен" ойнайды.  Матч 18 қаңтар Севильяда өтеді.