Бильбаолық "Атлетикодан" ұтылған "Реал" футболдан Испания суперкубогының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Малагадағы "Ла Росаледа" стадионында өткен ойын Марселино Гарсия жаттықтыратын команданың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Рауль Гарсия 18 және 38-ші минутта дубль жасады, екіншісі пенальти. Мадридтіктерден 73-ші минутта Карим Бензема бір гол соқты.
Осылайша, "Атлетик" финалда "Барселонамен" ойнайды. Матч 18 қаңтар Севильяда өтеді.